freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төрт облыстағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қоғам
Төрт облыстағы көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: pixabay.com

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Malim.kz «ҚазАвтоЖолдың» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қозғалысқа шектеу енгізілген жол учаскелері:

Ұлытау облысында 15:30-дан бастап (барлық көлік түрлері үшін):
– Жезқазған – Арқалық – Петропавл, 24–137 шақырым (Сәтбаевтан Ұлытау ауылына дейін);
– Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, 433–750 шақырым (Жезқазғаннан Жаңаарқа кентіне дейін);
Жолды ашу болжамы – 6 ақпан сағат 21:00.

Шығыс Қазақстан облысында 16:30-дан бастап (жүк және қоғамдық көлік үшін):
– Өскемен – Семей, 10–103 шақырым (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
Жолды ашу болжамы – 7 ақпан сағат 09:00.

Абай облысында 16:30-дан бастап (жүк және қоғамдық көлік үшін):
– Өскемен – Семей, 103–198 шақырым (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін);
Жолды ашу болжамы – 7 ақпан сағат 09:00.

Қарағанды облысында:

16:00-ден бастап (жүк және қоғамдық көлік үшін):
– Астана – Қарағанды – Алматы, 92–164 шақырым (Ақмола облысы шекарасынан Теміртауға дейін);
– Астана – Қарағанды – Алматы, 248–592 шақырым (Атамекен ауылынан Балқашқа дейін).

16:00-ден бастап (барлық көлік түрлері үшін):
– Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, 788–906 шақырым (Ұлытау облысы шекарасынан Топар кентіне дейін);
– Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, 970–1064 шақырым (Қарағандыдан Молодёжный кентіне дейін).

17:00-ден бастап:
– Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Богас, 17–60 шақырым (Қарағандыдан Ботақара кентіне дейін);
– Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті, 1064–1135 шақырым (Молодёжный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін).

Жолдарды ашу болжамы – 7 ақпан сағат 09:00.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу