Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: АҚШ Украинаға барлау деректерін беруді қайта бастайды

Әлем
Трамп: АҚШ Украинаға барлау деректерін беруді қайта бастайды

АҚШ Украинаға барлау ақпараты мен Ресей армиясының әрекеттері туралы мәліметтер беруді жақын арада қайта бастайды, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Air Force One бортында.

Оның айтуынша, Украинамен барлау деректерін алмасуды тоқтату «аяқталуға шақ қалды».

Сонымен қатар Трамп әкімшілігі Ресейге қатысты бірқатар шараларды, соның ішінде Ресейден әкелінетін тауарларға баж салығын енгізуді қарастырып жатқанын хабарлады.

АҚШ-тың барлау деректері украиналық әуе қорғаныс жүйесі үшін маңызды рөл атқарады, ол ресейлік зымыран шабуылдарын тойтаруға көмектеседі.

Ақпарат беру 28 ақпанда Ақ үйде Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы жанжалдан кейін тоқтатылған еді.

Сауд Арабиясында Украина өкілдерімен соғысты тоқтату туралы өткен келіссөздерге қатысты Трамп: «Мен осы аптада айтарлықтай прогреске қол жеткіземіз деп ойлаймын» деді.

11 наурызда Сауд Арабиясында Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен жаңа келіссөздер раунды өтеді.

Джиддадағы кездесуде АҚШ ресми тұлғалары Украина соғысты аяқтау үшін Ресейге елеулі ымыраға баруға дайын ба, соны анықтауға тырысады. Сондай-ақ, келіссөздер барысында Вашингтон мен Киев арасындағы Украинадағы пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру туралы келісімнің тағдыры талқыланады. Трамп Киевтің әзірге «бейбітшілікке жеткілікті дәрежеде ұмтылыс танытпағанына» қынжылатынын да жеткізді.

Фото: Leah Millis/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу