Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Таиланд пен Камбоджа келіссөздер өткізуге дайын

Әлем
Трамп: Таиланд пен Камбоджа келіссөздер өткізуге дайын

Дональд Трамп Камбоджа премьер-министрі Хун Манетпен және Таиланд үкіметінің міндетін атқарушы басшысы Пхумтхам Вечаячаймен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, тараптар атысты тоқтату жөнінде келіссөздер өткізуге келіскен. Бұл туралы Трамп 26 шілде күні Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

"Олар дереу кездесіп, атысты тоқтату жоспарын тез арада жасауға келісті", – деп жазды АҚШ президенті.

Трамп: Соғыс болса – сауда жоқ

"Айтпақшы, біз бұл екі елмен де сауда жүргіземіз, бірақ егер олар соғысып жатса, ешқандай келісім болмайды – мен оларға осыны айттым!" – деп атап өтті Трамп.

Сондай-ақ, бұл жағдайды қарапайым етуге тырысып жатқанын, қақтығыс салдарынан көптеген адамның қаза тапқанын айтты. Бейбітшілікке қол жеткізілген жағдайда, екі елмен де сауда келісімдерін жасауға дайын екенін жеткізді.

Фото: Heng Sinith/AP Photo/dpa/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу