Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Зеленскийдің келіссөздерге қатысуы маңызды емес деп санайды

Әлем
Трамп Зеленскийдің келіссөздерге қатысуы маңызды емес деп санайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресеймен соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерге қатысуының аса маңызды емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Fox News-ке сілтеме жасап.

Мен оның келіссөздерге қатысуы міндетті деп ойламаймын. Ол бұл үдерісте үш жылдан бері бар. Бірақ келісімдерге келуді қиындатып отыр, – деді Трамп телеарнаға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Трамп Украина басшылығының келіссөздерде ұстанатын ешқандай «карталары» жоқ екенін атап өтті.

Мен Путинмен өте жақсы келіссөздер жүргіздім, ал Украинамен келіссөздер оңай болған жоқ. Оларда мықты ұстаным жоқ, бірақ бәрібір қатаң саясат жүргізуде. Біз бұның әрі қарай жалғасуына жол бермейміз, – деді ол Ақ үйде өткен губернаторлар кездесуінде.

Трамп Зеленскийдің Сауд Арабиясында өткен кездесуге қатыспағанына наразылық білдіргенін сынға алды.

Біз Сауд Арабиясымен келіссөздер жүргізіп, бейбітшілік орнатуға тырысып жатырмыз. Ол (Зеленский) үш жылдан бері кездесулерге қатысып келеді, бірақ әлі ештеңе жасалған жоқ, – деп атап өтті Трамп.  

Фото: AP nuotr    

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу