Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

Сабина Асқарқызы

  • 20.02.2025

Қоғам және мемлекет қайраткері, Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов дүниеден озды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Жанболат Жөргенбаев өзінің Facebook-тағы парақшасында ақпарат жариялап, бөлісті.

Ардақты азамат, асыл дос Аңсар Мұсахановтың дүниеден озуына байланысты  қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін. Өмірде болмысы бөлек, ұстанымы берік замандасымыздың айтар асыл ойлары мен халқына берер пайдасы мол еді.Өмірлік жолында адал еңбек етіп, абыроймен өткізген, оң істерінің жемісін қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда.Марқұмның жасаған жақсылықтары сауаптан жазылсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ұрпақтарына және жақын туыс-бауырларына ұзақ өмір, амандық тілеймін. Жаратқан ұрпағына ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Асыл азаматтың иманы саламат болсын!, – деді ол жазбасында.

Аңсар Мұсаханов– еңбек жолын ауылшаруашылығы саласынан бастап, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысының әкімі, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі лауазымдарын зор абыроймен атқарған. Облыстың, ауданның қоғамдық-саяси қызметтердің ортасында жүріп, жауапты қызметтерде халықтың ризашылығына бөленген мемлекеттік қызметкер.

Фото: facebook.com/zhanbolatakebaiuly

Байланысты жаналықтар

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

12.04.2025

"Келіп бәрін құртты". Тоқтар Әубәкіров әкім болудан неге бас тартты?

09.04.2025

Алматы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды

08.04.2025

562 миллион теңге: Алматы облысы әкімі қымбат көліктерді бюджет қаражатына не үшін алған?

05.04.2025

Эстонияда жасанды интеллект әкім болды

04.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл туралы не дейді?

"Келіп бәрін құртты". Тоқтар Әубәкіров әкім болудан неге бас тартты?

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров әкім болу ұсынысынан неге бас тартқанын айтты

Алматы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды

562 миллион теңге: Алматы облысы әкімі қымбат көліктерді бюджет қаражатына не үшін алған?

Алматы облысы әкімдігі жол талғамайтын қымбат көліктерді мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алған. Марат Сұлтанғазиев оларды қызметтік сапарларына пайдаланады

Эстонияда жасанды интеллект әкім болды

Эстонияда жасанды интеллект әкім болды