Әнші Роза Рымбаева

Malim Админ

  • 03.02.2025

Роза Рымбаева – Қазақстанның халық әртісі, Қырғызстан және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, профессор, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері.

Роза Рымбаева 1957 жылдың 28 қазанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келді. Ата-анасы оның есімін Роза Бағланованың құрметіне қойыпты.

Шығармашылық жолы

Роза Рымбаева 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы бітіреді. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетінде білімін шыңдайды.

Көптеген халықаралық конкурстың гран-при иегері атанған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды.

Роза Рымбаева 1977 жылы Болгариядағы "Золотой Орфей" фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін шырқаған соң ерекше танымал болды. Ол бұл байқауда гран-при жүлдесін ұтып алды.

1977-1979 жылдары "Песня года" фестивалінде ән шырқап, КСРО-ның "Звуковая дорожка" хит-парадында үздіктердің қатарынан көрінді.

1976-1979 жылдары республикалық "Гүлдер" жастар–эстрадалық ансамблінің солисі, 1979 жылы "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы "Арай" эстрадалық ансамблінің солисі болып сахнаға шықты.

1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлдағы халықаралық әншілер байқауында лауреат атанып, 1983 жылы Кубада өткен "Гала – 83" халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

Әншінің орындауындағы Т. Ерешевтің "Гүлдене бер, туған жер", Нұрғиса Тілендиевтің "Куә бол", Б. Байқадамовтың "Айгөлек", Ж. Тұяқбаевтың "Атамекен", Т. Сарыбаевтың "Отандастар" әнін тыңдарман қауым жылы қабылдады.

Роза Рымбаева "Бір бала", "Сәулем-ай", "Кебек", "Назқоңыр", "Әгугай" және тағы басқа халық әндерін нақышына келтіре орындады.

Әнші халық арасында киноактриса ретінде де танымал. Ол "До свидания, Медео" фильмінде басты рөлді сомдады, әрі "Первая песня" фильмі, "Женский взгляд". Роза Рымбаева", "Роза", "Хвост кометы". Роза Рымбаева", "И снова здравствуйте!" деректі фильмдеріне түсті.

Отбасы

Роза Рымбаева 1979 жылы дирижер, композитор Тасқын Оқаповқа тұрмысқа шығып, Әли және Мәди есімді екі ұл дүниеге әкелді. 1999 жылы күйеуі өмірден өтті. Әнші "Бақытты әйел" бағдарламасына берген сұқбатында оны сағынып жүргенін, әлі жақсы көретінін айтып, ағынан жарылды.

"Мен шығармашылық үшін жеке өмірімді құрбан еттім. Менің осындай деңгейге көтерілуіме жолдасым Тасқын Оқапов үлкен еңбек сіңірді. Соның арқасында Халық әртісі деген атақ алдым. Күйеуімді сағынамын. Жас келген сайын ол кісінің жоқтығын сезініп келемін. Екеуіміздің арамызда келіспеушіліктер болды. Күні бойы "айым, күнім" деп отырдық деп айта алмаймын. Отбасы болған соң, шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды ", - дейді ол.

Фото: kino.mail.ru

Байланысты жаналықтар

Сахнада орысша сөйлеп сынға қалған Рымбаеваға Әзірбайжан әншісі араша түсті

05.01.2025

Роза Рымбаева өзін кедей әншілердің қатарына қосты

05.01.2025

Роза Рымбаева Тасқын Оқапов жазып кеткен әнді жарияламақ

31.12.2024

Әнші Роза Рымбаеваға тағы бір атақ берілді

13.12.2024

Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты тақырға отырғызған алаяқ кім

15.11.2024

Өнер иелері тойдан бөлек табысты қайдан табады?

18.07.2024
MalimBlocks
Сахнада орысша сөйлеп сынға қалған Рымбаеваға Әзірбайжан әншісі араша түсті

Роза Рымбаеваның сахнада орысша сөйлеуі көптеген желі қолданушыларының ашуына тиген еді

Роза Рымбаева өзін кедей әншілердің қатарына қосты

Ол тойға шықпайтынын алға тартты.

Роза Рымбаева Тасқын Оқапов жазып кеткен әнді жарияламақ

Әнші Роза Рымбаеваға тағы бір атақ берілді

Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановты тақырға отырғызған алаяқ кім

Олар 2013 жылы алаяқтың құрбаны болды

Өнер иелері тойдан бөлек табысты қайдан табады?

Қазақстандағы өнер иелерінің қосымша кәсіптері туралы дерек жария болды.