Нұрғиса Тілендиев - композитор, дирежер, Халық қаһарманы

Даңқты композитор, дирижер, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде, Алматы облысы Іле ауданы Шилікемер ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Алматыда дүниеден өтті.

Malim Админ

  • 25.09.2024

Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (1998). Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1949-50 жылдарында Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), 1950-52 жылдары Мәскеу консерваториясын (профессор Н.П.Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды.

Н.Тілендиев Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді, ал 1982 жылдан оркестр болып құрылды. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, сазген, аса шертер, адырна, даңғыра, т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды. Репертуарында халық күйлері «Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен», халық композиторларының Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға»; Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр» , осы заманғы қазақ композиторларының М.Төлебаевтың «Еске алу», «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»,  К.Күмісбековтің «Фараби сазы», «Қорқыт күйі» шығармалары бар. Оркестр 1984 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальға қатысты. 1985 жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы Үлкен концерт залында өткен шығармашылық концертте жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігін танытты. 1985 жылы Оркестр Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының лауреаты атанды.

1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы, 1981-88 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі болды

. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін – композитор шығармаларына тән қасиет. Алматы консерваториясының құрметті профессоры (1995) болған. Қазақстан Мемелекеттік сыйлығының (1978) иегері. 1999 жылы Алматы қаласында композитор есімімен көше (бұрынғы Софья Ковалевская атындағы), «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблі (2000) аталады және ол тұрған үйге (Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 96-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 1998 жылы қайтыс болды. Өзінің өсиетімен Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаевтың кесенесінің жанына жерленді.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық танымал композитор базар жағалап жүр

02.10.2024

Шәмші Қалдаяқовтың әндері қалай шыққан?

15.08.2024

Бүгін – халық әртісі Ермек Серкебаевтың туған күні

04.07.2024

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

17.05.2024

Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

29.04.2024

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

24.01.2023
MalimBlocks
Қазақстандық танымал композитор базар жағалап жүр

Ол қара жұмыстың түр-түрін істеген.

Шәмші Қалдаяқовтың әндері қалай шыққан?

Бүгін көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Ал өнер саңлағының туғанына 94 жыл.

Бүгін – халық әртісі Ермек Серкебаевтың туған күні

КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері.

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.

Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

Ол Ақтөбе облысының Темір ауданында туған.

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады