Оқырманы көп ақын – Мұқағали Мақатаев

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Алматыда, 45 жасында қайтыс болды. Ол қара өлеңге жаңа леп, қанат бітірді. Өз сөзімен айтқанда, «Күпі киген қазақтың қара өлеңінің үстіне шекпен жапты».

Malim Админ

  • 12.09.2024

Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ал анасы 8 наурызда туғанын айтады. Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты  – Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Мұқағалидің әкесі Сүлеймен 1941жылы Калиниград майданында қаза табады.

1948-49 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай оқудан шығып кетеді. Осы жылы жары Лашынмен отау құрады. 1950 жылы Алматыдағы Шет тілдер институтына неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, оны да аяқтамайды. Оқуға тұрмыс жағдайы жар бермейді. 1954 жылы Қарасаз ауылының мектебінде орыс тілі пәнінен сабақ береді. 1957 жылы Алматыға келіп, «Қазақ» радиосында диктор болады. Одан кейін мерзімді басылымдарда, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында қызмет етеді. 1960 жылдары Алматыға біржола қоныс аударып, әдеби ортамен етене араласады. Оның өндңре жазып, әдеби қауымды дүр сілкіндірген шағы осы кез болатын.

Ол көзі тірісінде бірнеше жыр жинағын шығарып үлгерді. Атап айтар болсақ, «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтары жыр сүйер қауымды тәнті етті. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.

Ол тіршілігінде әдеби ортадан өз бағасын толық алмай кетті дейтін аңыз бар. Бірақ кей деректерде жыр аралатып кітабы шығып, Мәскеудегі әдеби институттан білім алуы – оны айналасының мойындағаны дейтін де пікір айтылады. Мұқағалидың атын аспандатқан оның қарапайым жырлары болды. Мұқағали поэзиясы – қазаққа ең жақын поэзия. Ол оқырманы ең көп қазақ ақыны. Бүгінде ақын атында мектеп, көше, музей бар. Ақын шығармашылығына арналған түрлі байқаулар, конкурстар, әдеби оқулар өтіп тұрады.

Байланысты жаналықтар

Ақырзаманның алғашқы күні

14.12.2024

Ақын Гүл Зарқұмар өлеңдері

10.10.2024

Ақын Алмас Темірбай өлеңдері

10.10.2024

Махаббат туралы өлеңдер

25.09.2024

Шөмішбай Сариевтің өлеңдері

25.08.2024

Ел мен Отан туралы өлеңдер

25.08.2024
MalimBlocks
Ақырзаманның алғашқы күні

Ақын Гүл Зарқұмар өлеңдері

Гүл Зарқұмар (1974 - 2022) – 15 қыркүйекте Монғолияның Улаанбаатар қаласында дүниеге келген. Монғолия қазақ ақындары арасында өткен Алтын жебе жыр мүшәйрасының (1992ж), Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйраның (1997ж) бас жүлдегері. Монғолия Жастар одағының алтын медалінің иегері, ақын. 2012 жылы Жалын баспасынан Жүректегі жүзік атты кітабы жарық көрді. Өлеңді монғол тілінде де жазады. 2022 жылы Алматыда қайтыс болды.

Ақын Алмас Темірбай өлеңдері

Алмас Темірбай (1979 жылы 22 қаңтарда туған, бұрынғы Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Ортақ ауылы) – ақын, жазушы, журналист. Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Махаббат туралы өлеңдер

Ақындардың бәрі де махаббат туралы жазады. «Поэзия махббатпен басталып, парасатпен аяқталады», –деген Мұқағали. Бұл жырларды оқи отырып, сан түрлі сезімді, тағдырды, мінезді көресің. Ойыңа өзіңнің ғашық болған, сүйген, сағынған сәттерің оралады.

Шөмішбай Сариевтің өлеңдері

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысында туған. 2021 жылы 15 ақпанда қайтыс болды. Ақын, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Барыс», «Парасат» ордендерімен наградатталған. «Тарлан» сыйлығының иегері. Елге танымал көптеген әр сөздерінің авторы.

Ел мен Отан туралы өлеңдер

Отан – оттан да ыстық. Отан туралы, туған жер туралы жырларды тебінбей оқу мүмкін емес. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу үшін ақындардың ойлы жырларын оқытудың маңызы зор.