Жазушы Әнуар Әлімжанов

Malim Админ

  • 09.02.2025

Әлімжанов Әнуар – (1930–1993) 12 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқанд ауданындағы Қарлығаш ауылында туған. Алдымен шешеден, 1941 жылы әкеден жетім қалған ол интернатта, балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған. 

1949 жылы Лепсі педагогика училищесін, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Жазушы өзінің журналистік қызметін облыстық «АлмаАтинская правда» газетінен бастаған. 

1955 жылы наурыз айынан бастап «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, кейінірек «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша «Правда» газетінің тілшісі, «Қазақфильм» студиясының Бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 

Жазушы Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің, Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының, Африка халықтарымен достықтың Ассоциациясы Басқармасының мүшесі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болды. 

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.

Байланысты жаналықтар

Мұқағали туралы қызықты деректер

09.02.2025

"Әке-ау.... ол Мұқағали ғой"

09.02.2025

Ұлықбек Есдәулет. «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз»

09.02.2025

Оқырманы көп ақын – Мұқағали Мақатаев

12.09.2024

Ел мен Отан туралы өлеңдер

25.08.2024

Мұқағали минуттары

07.10.2021
MalimBlocks
Мұқағали туралы қызықты деректер

Мұқағали Мақатевты өз ортасы мойындаса да, оның өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетінде жиі сыналды

"Әке-ау.... ол Мұқағали ғой"

Ұлықбек Есдәулет. «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз»

Оқырманы көп ақын – Мұқағали Мақатаев

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1976 жылы Алматыда, 45 жасында қайтыс болды. Ол қара өлеңге жаңа леп, қанат бітірді. Өз сөзімен айтқанда, «Күпі киген қазақтың қара өлеңінің үстіне шекпен жапты».

Ел мен Отан туралы өлеңдер

Отан – оттан да ыстық. Отан туралы, туған жер туралы жырларды тебінбей оқу мүмкін емес. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу үшін ақындардың ойлы жырларын оқытудың маңызы зор.

Мұқағали минуттары