Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Сабина Асқарқызы

  • 05.05.2025

Былтыр белгілі блогер Әлішер Теменовтің ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына қатысты келемеж сөздер айтқаны қоғамда үлкен резонанс туғызды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол ақынды "сорлы еркек" деп атаған болатын. Осыған байланысты ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев блогерді Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына берді.

Іс Қылмыстық кодекстің 131-бабы, 2-бөлігі — "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр. Сот отырысына судья Бейнегүл Қайсина төрағалық етуде.

Теменов сотқа қоғамдық қорғаушысы Мейірман Шекеевпен бірге келді. Қазіргі уақытта ол жеке адвокат жалдамаған. Сонымен қатар, блогер сот залында бейнетүсірілім жүргізуге қарсы екенін білдірді.

Қорғаушысы Шекеевтің айтуынша, Теменов өз айтқан сөздері үшін өкініш білдіріп, кешірім сұраған.

Бұл екеуі — бір атадан тараған адамдар. Теменов жасаған әрекетіне өкінеді. Мүмкін, ол Жұлдыз Мақатаевтан жеке кешірім сұрамаған шығар, — деді ол.

Судья тараптарға бітімге келу мүмкіндігін қарастыру үшін 10 минуттық үзіліс жариялады. Алайда Жұлдыз Мақатаев бұл дауды тек екі шарт орындалса ғана шешуге болатынын айтты:

Көпшілік алдында кешірім сұрау,

10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу.

Бұл жағдай мен үшін үлкен соққы болды. Тегімізге күйе жағылды, моральдық зиян келді. Сол үшін жауап берсін. Кешірім сұраса — оны бүкіл халық естісін, — деді Жұлдыз Мақатаев сотта.

Былтыр қазан айында Әлішер Теменов ақынның ауылы Қарасазға барып, кешірім сұраған еді.

Менен ешкім кешірім сұраған жоқ. Әкем Мұқағали бір кезде "Балам, мені халық жазғыра берсін, өйткені мен қарапайым адаммын. Бірақ шығармашылығымды қорлаған адамды кешірмеймін" деген еді, – деді Жұлдыз Мақатаев.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

06.05.2025

Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

05.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: сотталушылардың күліп шыққан видеосына қатысты тексеріс басталды

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Ташкентте 10-сынып оқушысына сезімін білдірген 61 жастағы мұғалім сотталды

04.05.2025

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтпек

04.05.2025
MalimBlocks