Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түнгі клубқа барып, жұмыстан шығып қалған мұғалімдер директорды сотқа берді

Қоғам
Түнгі клубқа барып, жұмыстан шығып қалған мұғалімдер директорды сотқа берді

Қызылордалық екі мұғалім мектеп директорына "қысымммен жұмыстан шығарды" деп арыз түсіріп, сотта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, былтыр қызылордалық екі мұғалімнің Стамбулдағы түнгі клубта трансвеститтер шоуында жүрген видеосы желіде тарап кеткен еді. Шулы оқиғадан соң қармақшылық екі мұғалім желідегі жұрттың және білім саласы басшыларының сынына қалып, кейін жұмыстан кеткені хабарланған.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған. Сондай-ақ олар мектеп басшысы қысым жасағанын, одан жан азабын тартқанын растайтын дәлел ұсына алмаған.

Ақерке Жұмабаева мен Фатима Ысқақова сот шешіміне келіспейді, олар апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.

Фото: Видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу