freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында TikTok үшін көлік айдаған жасөспірім полицияға жеткізілді

Қоғам
Түркістан облысында TikTok үшін көлік айдаған жасөспірім полицияға жеткізілді
polisia.kz

Түркістан облысында 15 жастағы жасөспірім атасының көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, оны TikTok-қа видеоға түсірген, деп хабарлайды Malim.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында кәмелетке толмаған баланың көлік тізгінінде отырған видеосын анықтаған. Тексеру нәтижесінде оқиғаның Ордабасы ауданы аумағында болғаны белгілі болды. Бейнежазбада көрінген жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілген. Анықталғандай, 15 жастағы мектеп оқушысы үйде үлкендер болмаған кезде атасына тиесілі ВАЗ көлігін рұқсатсыз алып шыққан. Жол жүру сәтін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жариялаған.

Полиция мәліметінше, жедел тексеру нәтижесінде жол қозғалысына қатысушыларға төнуі мүмкін қауіптің алдын алу мүмкін болды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Ал жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізуші куәлігінсіз және тәжірибесіз көлік басқарудың қауіпті екені ескертілді. Полиция әлеуметтік желілердегі осындай жарияланымдарды тұрақты бақылап, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу