Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігі (сотта көрінеу жалған айғақ беру) бойынша адвокатқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.
Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші азаматша өзін зорлау дерегі бойынша басты сот талқылауы кезінде күдіктіні жауапкершіліктен құтқару мақсатында бастапқы шынайы жауабынан бас тартып, жалған айғақ берген.
Арнайы прокурорлар жүргізген тергеу барысында азаматшаның мұндай әрекетке адвокатының ықпалымен барғаны анықталған. Осыған байланысты жәбірленушіге қатысты да аталған бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.
2026 жылғы 18 ақпандағы сот үкімімен адвокат пен азаматша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен адвокат 5 жылға, ал азаматша 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура органдары азаматтарды қылмыстық процесте тек шынайы айғақ беруге шақырады. Көрінеу жалған жауап беру заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.