Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда тау шаңғысы курортында алапат өрт қаулады

Әлем
Түркияда тау шаңғысы курортында алапат өрт қаулады

Түркияның Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортында шыққан өрттен 76 адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Hürriyet Daily News басылымының мәліметінше, елдің Ішкі істер министрі Әли Ерлықайдың айтуынша, төтенше жағдай бойынша тергеу аясында 9 адам, оның ішінде қонақүй иесі де ұсталған. Министрдің сөзінше, 45 қаза тапқан азаматтың денесі отбасыларына тапсырылған. Қалғандарының жеке басын тану сот-медициналық сараптама мен ДНҚ тестілері арқылы анықталмақ.

Өрт Карталкая курортында өткен түнде шыққан. Көптеген қонақтар құтқарылу үшін төсек-орын жіптері арқылы түсуге тырысқан, кейбіреулері терезеден секіріп кеткен. 51 адамның зардап шеккені хабарланған.

Сондай-ақ, шетелдік БАҚ өкілдері 1974 жылы салынған қонақүйдің ағашпен қапталғанын, бұл өрттің тез таралуына себеп болғанын жазып жатыр.

Қонақүйде барлығы 237 адам болған. Өрттің шығу себебі әлі анықталмаған.

Фото: X/The Risk Intelligence Group

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу