freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ТЖМ құтқарушылары тау басына шыққан егде жастағы туристке көмек көрсетті

Оқиға
ТЖМ құтқарушылары тау басына шыққан егде жастағы туристке көмек көрсетті
ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында 2600 метр биіктікке шыққан туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бостандық ауданы, Терра алаңы маңында, «Девичьи слёзы» сарқырамасынан жоғары бөлігінде 1963 жылы туған ер адамнан оның жағдайы нашарлап, таулы жерден түсу үшін құтқарушылар көмегі қажет екені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, «ҮАШ» БҚП», Апаттар медицинасы орталығының мамандары мен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жедел жетті.

Құтқарушылар ер адамды тауып, қажетті көмек көрсетті және оның қауіпсіз түрде төмен түсуін ұйымдастырды. Эвакуациядан кейін зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына медициналық тексеру үшін тапсырылды. 

Бұл ретте ТЖМ тарапы тауға шығар алдында денсаулық жағдайын, ауа райын ескеріп, жақындарыңызға бағытыңызды алдын ала хабарлау қажеттігін қаперге салады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу