Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ТЖМ жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрды

Оқиға
ТЖМ жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрды

Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

ҚР ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі мен аумақтық бөлімшелер бейнеконференцбайланыс өткізді.

Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.  ТЖМ жағдайды бақылап жатыр.

"Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын. Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды, қауіп жоқ", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бүгін Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. 

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу