Әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол парақшасында «араға біраз уақыт салып, үйімізде тағы бір қуаныш» деп жазып, бірнеше сурет жариялаған.
Белгілі болғандай, Әдияның сіңлісі тұрмысқа шығуға ұсыныс қабылдап, жүзік таққан. Әдия осы қуанышты оқиғамен бөлісіп, жақындары мен оқырмандарының жылы лебіздерін қабылдауда.