freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үкімет Мемлекеттік туға қатысты жаңа ереже қабылдады

Қоғам
Үкімет Мемлекеттік туға қатысты жаңа ереже қабылдады
Фото: sputnik-georgia.com

Үкімет тұрғын үйлер мен салтанатты жиындар өтетін жерге Мемлекеттік ту ілудің ережелерін бекітті, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің 26 маусымдағы ережелеріне сай, енді жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар белгілі бір талаптарды ескере отырып, терезесі мен балкондарына ту іле алады.

«Жеке және заңды тұлғалар тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларға, соның ішінде, балкондарға Мемлекеттік ту іле алады. Ту 45 градус бұрышпен ілінуі керек. Жеке және заңды тұлғалар туды салтанатты іс-шаралар кезінде іле алады. Жер үйлердегі ту еден мен жерден үш метр биік ілінуі керек. Мемлекеттік ту бүтін, бүлінбеген және ұлттық стандарттарға сай болуы шарт», - деп жазылған үкімет қаулысында.

Бұл түзетуге сай енді Мемлекеттік туды жарнама мақсатында пайдалануға болмайды. Сондай-ақ оны киім қылып киіп, көрпе-жастық ретінде жамылып, перде ретінде іліп, кілем ретінде жерге төсеуге де қатаң тыйым салынады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу