Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үкімет су тасқынына орай қаржы бөлген олигархтардың тізімін жария етті

Қоғам
Үкімет су тасқынына орай қаржы бөлген олигархтардың тізімін жария етті

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсеткен кәсіпкерлер туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Көп журналист су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға кәсіпкерлер қандай көмек көрсеткенін нақты сұраған болатын. Кестеде өңірлер бойынша қандай кәсіпкерлер көмек үшін қанша қаражат бөлгені көрсетілген. Су тасқынынан ең көп зардап шеккендерге баспана алу, оны жөндеуге көмек көрсету тетіктері қарастырылады. Ақмола, Қостанай, БҚО Ақтөбе облысы және Атырау облысы су тасқынынан көп зардап шеккен тізімде бар, - дейді ол.

Бозымбаев өз сөзінде кәсіпкерлердің біраз бөлігі «Демеу» қоры мен «Қазақстан халқына» қоры арқылы қаражат аударғанын еске салды.

Біз мұндай ақпаратты алғаш рет көрсетіп отырмыз. Бұл мәліметтерді жұмысқа қолдана аласыңдар, - деді Бозымбаев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында.

Фото: kursiv.media/видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу