Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина дрондары Мәскеуге жетті

Әлем
Украина дрондары Мәскеуге жетті

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасына украиналық дрондар шабуыл жасағанын хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінің әуе қорғаныс күштері жеті ұшқышсыз ұшақты атып түсірген.

Бұл туралы ол дүйсенбі, 22 қыркүйекте Telegram-арнасында жазды.

«Қорғаныс министрлігінің әуе қорғаныс жүйесі Мәскеуге шабуыл жасаған дрондарды тойтарып жатыр. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр», – деді Собянин.

Кейінірек ол қалаға бағытталған тоғыз дронның жойылғанын нақтылады. Алдын ала мәлімет бойынша, қираулар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, 20 қыркүйек, сенбі күні Ресей Украина өңірлеріне зымырандар мен дрондар арқылы ауқымды соққы жасап, кемінде үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланған болатын.

Фото:depositphotos.com / Фото автора vvoennyy

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу