Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина өз жері есебінен бейбіт келісімге бармайды

Әлем
Украина өз жері есебінен бейбіт келісімге бармайды

Астана, malim.kz. Wall Street Journal басылымында, бейбіт келісімнің шарты - Украинаның Луганск және Донецк облыстарынан бас тартуы екені жазылған болатын.

Басылымның мәліметінше, Путин осы ұстанымда. Оның үстіне, Трамп та "жер алмастыру" туралы айтып жүр. Осыған байланысты Зеленскийдің жауабы шықты.


"Жерге қатысты сұрақтарға жауап Украина Конституциясында бар. Оған қайшы ешкім ештеңе істей алмайды. Украина оккупантқа өзінің жерін сыйға тартпайды", -


деген ол бүгінгі таңғы жазбасында.

Есіңізге сала кетейік, Трамп пен Путин Украина мәселесі бойынша АҚШ-тың Аляска штатында 15 тамыз күні кездесуі мүмкін.

Фото: bing.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу