Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина президенті Владимир Зеленскийге қастандық жасалмақ болған

Әлем
Украина президенті Владимир Зеленскийге қастандық жасалмақ болған

Польшада Украина президенті Владимир Зеленскийге жасалған қастандық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Malim.kz СБУ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) басшысы Василий Малюктың айтуынша, қастандық Жешув әуежайында жасалмақ болған.

Украина арнайы қызметі Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) агенттік желісін әшкерелеген. Олар Зеленскийді өлтіруді жоспарлаған. Қазір бұл іске қатысты екі адам ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ФСБ агенттерінің басты тапсырмаларының бірі – президенттің айналасындағы әскери тұлғалар арасынан сенімді адам тауып, Зеленскийді кепілге алып, кейін өлтіру болған.

Еске салайық, 2024 жылдың мамырында да СБУ Ресей ФСБ-сының Зеленский мен Украина жоғары әскери-саяси басшылығын жою жоспарын болдырмай тастағанын мәлімдеген еді. Ол кезде Мемлекеттік қорғау басқармасының екі полковнигі мемлекетке опасыздық жасады және теракт ұйымдастыруға көмектесті деген күдікпен ұсталған болатын. Тінту барысында олардың үйінен қылмыстық әрекеттердің дәлелдері табылып, олар қамауға алынған.

Фото: president.gov.ua

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу