Украина Ресейге жақын күндері бітім орнату мәселесі бойынша жаңа келіссөздер өткізуді ұсынды. Бұл туралы 19 шілде күні кешке президент Владимир Зеленскийдің халыққа жасаған үндеуінде айтылды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров ресейлік тарапқа 21 шілдеде басталатын апта ішінде кездесу өткізуді ұсынды. Келіссөздердің басты тақырыбы — атысты тоқтату режимін енгізу мүмкіндігі.
«Келіссөздер процесін жеделдету қажет. Бітімге қол жеткізу үшін барлық шараны қолдануымыз керек. Ресей тарапы шешімдерден жалтармай, нақты әрекетке көшуі тиіс», — деді Зеленский.
Аталған ұсыныс аясында тараптардың ресми жауабы мен келесі қадамдары әзірге белгісіз.
Фото: Valentyn Ogirenko/REUTERS