Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Саратовқа жаппай шабуыл жасады

Саясат
Украина Саратовқа жаппай шабуыл жасады

Саратов және Энгельс қалалары өткен түнде украиналық дрондардың жаппай шабуылына ұшырады деп хабарлады Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин өзінің телеграмдағы арнасында.

Бұған дейін ол өңірдің бір өнеркәсіп нысанына зиян келгенін хабарлаған, бірақ оның нақты қай нысан екенін айтпаған болатын.

Ресейлік телеграм-арналарда шабуылға жергілікті мұнай қоймасы ұшырағаны жазылды. Сол жердің тұрғындарының айтуынша, қоймадан өрт шыққан.

Бусаргин таңертең телеграм арнасында оқиға орнынан түскен суреттерді жариялады, суреттерден өрт болғанын байқауға болады.

Ресей Қорғаныс министрлігі Саратов облысында 11 дронның жойылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жалпы алғанда түнде әртүрлі аймақтарда Украинаның 32 дроны жойылған.

Фото: T.ME/BUSARGIN_R

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу