Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық банк стейблкоин құратынын мәлімдеді

Экономика
Ұлттық банк стейблкоин құратынын мәлімдеді

Қазақстан Ұлттық банкі цифрлық теңге негізінде стейблкоин құру мәселесін қарастырады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов президент қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына банк жүйесін қатыстыра отырып, оны әрі қарай дамыту көзделген. Оның құқықтық мәртебесі де заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, Цифрлық теңге жобасының қолдану ауқымы кеңейтілмек.

Цифрлық қаржы активтері инфрақұрылымының негізгі бағыттары, смарт-келісімшарттарды токенизация және қаржылық қызметтерді цифрландыру жаңа «Банктер туралы» заң аясында көрініс табады. Цифрлық теңге негізінде өзіміздің стейблкоинді құру мәселесін қарастырамыз, деді Тимур Сүлейменов.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу