Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытауда басқарма басшысына қатысты іс қозғалды

Құқық
Ұлытауда басқарма басшысына қатысты іс қозғалды

Ұлытау облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты іс қозғалды.

Қаржылық Мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, оған билігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Басқарма басшысының жетекшілігімен Жезді өзенінің арнасы тазартылуы керек болған. Ведомство бұл жұмыстың дұрыс жүргізілмегенін айтып отыр.

- Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталды, бұл жобалаушы мәлімдеген өзеннің су көлемінің өткізу қабілетін азайтты, - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі

Басқарма басшысы іс жүзінде атқарылмаған жұмыстардың актісіне қол қойған. Техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстың актілеріне қол қойған. Соның салдарынан биыл көктемдегі су тасқыны кезінде 10 үйді су басқан. 

Фото: baq.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу