freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Unico Play онлайн-кинотеатры «Тренер аға» спорттық драмасын ұсынады

Kino
Unico Play онлайн-кинотеатры «Тренер аға» спорттық драмасын ұсынады
© Unico Play

5 ақпан күні Unico Play платформасында онлайн-кинотеатрдың алғашқы спорттық драмасы  –  «Тренер аға» сериалының премьерасы өтті. Жобада бокс тек жекпе-жек немесе жарыс ретінде емес, адамның мінезін қалыптастыратын, тәртіпке тәрбиелейтін, үлкен өмірге дайындайтын орта ретінде көрсетіледі. Ал бапкер бейнесі рингпен ғана шектелмей, шәкірттерінің тағдырына да жауапты тұлға ретінде ашылады.


Премьера күні сериалдың алғашқы бөлімі YouTube желісінде жарияланады. Ал келесі сериялар Unico Play онлайн-кинотеатрында көрсетіледі.


«Тренер аға»  –  сериалы бұрынғы боксшы Дарханның өмір жолын баяндайды. Ол сегіз жыл бойы араласпаған әкесінің қазасына байланысты туған қаласына келеді. Ескі бокс залы – әкесінен  қалған жалғыз мұра. Бір кездері бұл залда талай жасөспірім тәрбиеленіп, өмірге бағыт-бағдар алған еді. Залды жергілікті кәсіпкер қомақты қаржыға сатып алуды ұсынады. Алғашында Дархан бұл ұсынысты қабылдай салуды ойлайды. Алайда көп ұзамай әкесінің өліміне қатысты күмәнді жайттар шығып, өткеннің көмескі беттері ашыла бастайды.


Өткенді білуге талпынып, Дархан жасырын төбелестер әлеміне тап болады. Сол жерде әкесінің бұрынғы шәкірті болған бір жасөспірімнің өмірін құтқарып қалады. Осылайша ол күтпеген жерден көше балаларына бапкер атанады. Олардың арасында бұрынғы ғашығының інісі де бар. Уақыт өте келе залды сақтап қалу ниеті жасөспірімдердің болашағы, әкесінің абыройы және Дарханның өз өмірін өзгерту мүмкіндігі үшін күреске айналады.


Сериал тәртіп, еңбек және өзін-өзі дамыту тақырыптарын көтереді — дәл осы құндылықтар өмірде берік тірек табуға көмектеседі. Сериалдың негізгі идеясы  –  шынайы күш агрессияда, зорлық-зомбылықта немесе қылмыстық қысымда емес, адамның өзін-өзі бақылау мен жауапкершілікті арқалауда екенін көрсету.


Жобаның режиссері — бұған дейін «Qarga» сериалымен танылған Бейбіт Өнер. Оның айтуынша, «Тренер аға» ең алдымен тәлімгерлік туралы хикая:

«Дархан  –  тек боксты үйрететін бапкер емес. Ол жасөспірімдерге қиындықпен бетпе-бет келуді, шешім қабылдауды, қандай жағдайда да өз болмысын жоғалтпауды үйретеді. Біз спорт пен қолдаудың жас буынға жаңа мүмкіндіктер аша алатынын көрсеткіміз келді»,  –  

дейді режиссер.

Сериалда эпизодтық рөлде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бой көрсетеді. Басты рөлді Қуаныш Құдайберген сомдады. Түсірілімге дайындық барысында актер үш ай бойы арнайы физикалық және бокс жаттығуларынан өтті. Оның айтуынша:

«Қазақстанда бокс  –  жай ғана спорт емес, бұл мәдениеттің бір бөлігі. «Тренер аға» сериалы медаль мен жеңіс туралы емес. Бұл зал мен тренер жасөспірімнің өмірден баз кешкенде сүйенетін жалғыз тірегі екенін көрсететін туынды».

Сериалда маңызды рөлдердің бірін «Qara Bekire», «Черный двор», «Приговор» жобалары арқылы танылған Дамир Амангельдин сомдайды. Ал бас продюсер Анара Жунисова сериалда физикалық күшті романтизациялаудан бас тартқанын атап өтті:

«Кей сәттерде мәселенің бәрі қаталдық пен қысым жасау арқылы шешілетіндей көрінеді. Алайда нағыз күш  – тәртіпте, жауапкершілікте және адамның өзін-өзі бақылауда ұстай алуында. Спорт арқылы кейіпкер жасөспірімдерге тек қорғануды емес, өмірде өз жолын табуды үйретеді».

Сериалдың түсірілімі Пришахтинск ауданында, шынайы аулалар мен спорт залдарында өтті. Мұнда спорт көбіне көше агрессиясына қарсы жалғыз балама болып отыр.
Жекпе-жек көріністерінің қоюшы режиссері  –  Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобының мүшесі Канат Кудияров. Сериалда 150-ден астам адам қатысқан ауқымды жекпе-жек сахнасы бар, бұл отандық сериал өндірісіндегі ең ірі қойылымдардың бірі саналады.


«Тренер аға» сериалы 8 бөлімнен тұрады, қазақ тілінде түсірілген және орыс тіліндегі субтитрлермен ұсынылады.
Жобаның Instagram парақшасы: @unicoplay_rodnoilar
 Сериалды көру: Unico Play платформасында

Жобаның ақпараттық анықтамасы:


Жоба атауы: Тренер аға
Серия саны: 8
Жанр: Спорттық драма
Жас рейтингі: 16+
Ел: Қазақстан
Тілі: қазақ
Субтитр: орыс
Өндіріс жылы: 2025
Шығу жылы: 2026
Басты рөлдерде: Қуаныш Құдайберген, Мағзаман Төренияз, Дамир Амангельдин, Әсет Әлібек, Алибек Біләл, Елдос Шайкенов, Гульнара Омашева, Ернар Мақсотұлы, Серік Сапиев
Режиссер: Өнер Бейбіт
Оператор: Айдар Оспанов
Unico Play бас продюсерлері: Анара Жунусова, Василий Куценко, Ирина Сосновая, Бексұлтан Қазыбек
Elephant Production продюсерлері: Асель Саги, Дана Мутурганова
Идея авторы: Анара Жунисова, Арыстан Каунев
Креативті продюсер: Райымбек Альжанов
Сценарий авторлары: Виктория Крижановская, Наталия Ковтун, Лариса Щербина, Елена Майборода
Композитор: Абай Ақбаев


© Unico Play

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу