Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰҚК: Ақтөбеде радиоактивті уран сатқандар сотталды

Қоғам
ҰҚК: Ақтөбеде радиоактивті уран сатқандар сотталды
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде сот екі жергілікті тұрғынды және Шымкент қаласының бір тұрғынын радиоактивті уран сатқаны үшін бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Malim.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Өзбекстан азаматы заңсыз жолмен салмағы 958,7 грамм болатын уранды сатып алған. Кейін ол Шымкентте тұратын танысы Рудольфқа радиоактивті затты сату мүмкіндігі бар екенін айтқан. Рудольф бұл туралы Ақтөбе қаласының тұрғындары Құнысбай мен Еркінге жеткізген, олар өз ортасынан уранды сатып алатын адамдарды іздей бастаған.

Қыркүйек айында Өзбекстан азаматы уранды Рудольфқа берген, ал ол өз кезегінде тауарды Еркін мен Құнысбайға табыстаған. Олар уранды Шымкенттен Ақтөбеге Chevrolet Tracker маркалы автокөліктің жүк салғышында алып келген.

Бұл жағдай туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті біліп, арнайы операция ұйымдастырған. Арнайы қызмет уранды сатып алушы ретінде сыбайлас тұлғаны енгізіп, оған 500 мың АҚШ долларынан сәл асатын сомада жалған ақша берген. «Сатып алушы» сатушылармен қала сыртындағы орман алқабында кездескен.

Арнайы операция нәтижесінде Шымкент тұрғыны мен екі ақтөбелік ұсталды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, оның радиоактивті материалдан жасалған уран екені анықталды. Сотта үшеуі де өз кінәларын мойындады.

Сот үкімімен екі ақтөбелік уранды сатқаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бұған дейін сотталған Шымкент тұрғыны 2,5 жылға сотталды. Сот шешіміне сәйкес, тәркіленген уран жойылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу