freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

WhatsApp-та қолданушылар көптен күткен жаңа мүмкіндік пайда болады

Қоғам
WhatsApp-та қолданушылар көптен күткен жаңа мүмкіндік пайда болады
Фото: unslpash

WhatsApp мессенджерінде қолданушылар көптен бері сұрап жүрген жаңа функция іске қосылмақ. Бұл туралы GSMArena басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа мүмкіндік қызметтік хабарламаларды негізгі чаттар тізімінен бөліп, арнайы жеке папкаға автоматты түрде орналастыруға арналған. Атап айтқанда, банк, әуе компаниялары және басқа да ірі ұйымдардан келетін хабарламалар, сондай-ақ жеңілдіктер, тапсырыстың жеткізілу мәртебесі туралы хабарламалар осы бөлімге жіберіледі.

Қазіргі уақытта WhatsApp хабарламалардың жаңа папкаға қанша уақыттан кейін ауыстырылатынын сынақтан өткізіп жатыр. Ең ұзақ қарастырылып отырған мерзім – 24 сағат. Пайдаланушылар бұл функцияны баптаулар арқылы толықтай өшіре алады. Алайда хабарламаларды көшіру уақытын өз қалауынша өзгерту мүмкіндігі әзірге қарастырылмаған.

Әзірге жаңа мүмкіндік тек ірі компаниялардан келетін хабарламаларға қатысты жұмыс істейді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, болашақта WhatsApp шағын бизнес өкілдерінен келетін хабарламаларды да автоматты түрде жеке папкаға жіберу мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу