Қазақстандық танымал әншілер "Халықтың Ата заңы" атты жаңа музыкалық туындыны жарыққа шығарып, оған бейнебаян түсірді. Туынды Referendum2026 YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ән мәтінінде Конституцияның маңызы мен ел өміріндегі рөлі туралы айтылады. Туындының қайырмасында Ата заңды елдің басты құндылығы ретінде дәріптейтін жолдар бар.
Бейнебаяндағы әнді қазақстандық белгілі өнер жұлдыздары орындайды. Олардың қатарында Әлішер Кәрімов, Маржан Арапбаева, Роза Рымбаева, Мадина Сәдуақасова, Еркеш Хасен және Қайрат Баекенов бар.
Әннің сөзін Арман Манарбекұлы жазған. Ал музыкасын Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев және Ренат Гайсин шығарған.
Желі қолданушылары жаңа туындыға қатысты әртүрлі пікір білдіруде. Кейбірі бұл бастаманы қолдаса, енді біреулері өз таңданысын жасырмаған.
Айта кетейік, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасына байланысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Дауыс беру барысында азаматтар ұсынылған өзгерістерге қатысты өз пікірін білдіреді.
Бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Қазақконцерттегі жалақысы туралы ашық айтқанын жазған едік.