Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Әлем
Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Путиннің Түркияға келмеуіне байланысты елдер басшылары келіссөздерге қатысқан жоқ, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.


Anadolu агенттігінің мәліметінше, кездесу Түркия-АҚШ-Украина форматында Босфордағы Долмабахче президенттік кеңсесінде өткен.

Украина делегациясының құрамында Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, Қорғаныс министрі Рустем Умеров және Сыртқы істер министрлігінің басшысы Андрей Сибига болды.

АҚШ делегациясы құрамында Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Президенттің арнайы өкілі Кит Келлог және АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Баррак бар.

Түркия тарапынан Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калын мен Сыртқы істер министрі Хакан Фидан қатысты.

Стамбулда Түркия, Ресей, Украина және АҚШ делегациялары жиналды. Ресей және Украина келіссөзшілері Стамбулға 15 мамырда келгенімен, ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған.

Фото: aa.com.tr

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу