Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ыстықкөл достарын жинайды-2023» этнокарнавалының жеңімпаздары

Мәдениет
«Ыстықкөл достарын жинайды-2023» этнокарнавалының жеңімпаздары

7-12 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласындағы «Балажан» республикалық эстетикалық тәрбие беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен этнокарнавалға Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның барлық облыстарынан 400-ден астам бала қатысты. Іс-шараның мақсаты – Қырғызстан мен ТМД елдерінің этномәдени ерекшеліктерін зерттеу, жаңғырту және сақтау, көркемдік, музыкалық, вокалдық, хореографиялық таланттарды дамыту. Шара аясында шығармашылық байқаулар өткізіліп, «Фольклорлық ансамбль» номинациясы бойынша Гран-приді №2 Балалар музыка мектебі – Қарағанды ​​қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Жәнібек Қазбекұлы) жеңіп алды. Жеңімпаздарды үлкен жеңістерімен құттықтаймыз және осымен тоқтап қалмауларына тілектеспіз!

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу