Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысы пияз экспортынан көш бастады

Экономика
Жамбыл облысы пияз экспортынан көш бастады
© zakon.kz

Әкімнің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 млрд теңгені құрады. Биылғы дақылдардың егістік алқабы 640 мың гектарға дейін ұлғайған.

Өңірде жинап алынған ауыр шаруашылығының өнім көлемі - 3,3 млн тоннаны құраған:
оның ішінде -

  • 283 мың тонна дәнді дақылдар,
  • 31,3 мың тонна майлы дақылдар,
  • 1,3 млн тонна көкөніс,
  • 207 мың тонна картоп,
  • 389 мың тонна бақша өнімдері.

Қант қызылшасының 88,1% жиналып, 207 мың тонна өнім алынғаны да атап өтілді.

Техникалық жарақтану көрсеткішіне тоқталсақ, биыл ауыл шаруашылығы саласы 76 жаңа техникамен толыққан. Техника паркін жаңарту деңгейі 5,6%-ға жеткен.

Мал шаруашылығында да да өсім бар, түрлері бойынша атап айтқанда:

  • ет өндірісі — 2,7%,
  • сүт өндірісі — 1,6% артқан.

Экспорт - 888,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін құрады. Оның ішінде:

410 мың тонна пияз Ресей, Қырғызстан, Пәкістан, Өзбекстан және Әзербайжан нарықтарына жіберілген.

«Пияз экспорты бойынша Жамбыл облысы елде көш бастап тұр», —

деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Өңірде ауыл шаруашылығына пайдаланылмаған 61,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Атап өту керек, Жамбыл облысында жылда жайылым жетпеу мәселесі көтеріліп отырады.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында:

3,2 млрд теңгеге — 437 жоба,
мемлекеттік бағдарламалар бойынша 52 млрд теңгеге — 1218 жоба қаржыландырылған.

Әкімнің айтуынша:

  • ШОБ шығарған өнім көлемі — 18,1% өсіммен 765 млрд теңгеге жеткен.
  • Облыста 109,1 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр.
  • Онда жұмыспен қамтылғандар саны — 165,4 мың адам.

Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосымша құны 348 млрд теңгені құрап, ЖӨӨ-дегі үлесі 22,5% болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу