Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Оқиға
Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Жамбыл облысында қызғалдақтар фестиваліне барған жұрт қайтар жолда жаяу қалған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.  

Шаршап-шалдыққан қонақтар ауқымды шараға шақырып алып, қайтарда тастап кеткен ұйымдастырушыларға өкпелі.

Қонақтар қызғалдақ алқабынан фестиваль аумағына дейін 10 шақырымнан аса жаяу жүрген. Арасында қарттар мен балалар да бар.

Олардың айтуынша, қонақтарға арналған автобустар бірден толып, кетіп қалған. Айдалада амалсыз қалғандар керуендетіп, елді мекенге дейін жаяу жеткен. Одан әрі қалаға дейін тағы да жол тосуға тура келіпті.

Шараны ұйымдастырушылар арнайы дайындалған көліктер бірнеше рейс жасағанын айтады. Өйткені өз көлігімен келген қонақтар көлігін тастап, автобусқа мінген. Олардың сөзінше, дайындалған 20 автобус пен 40 көлікке 4 мың адам қарап қалған. Алайда әкімдік өкілдері бірнеше сағатта барлық қонақ жол бойына дейін жеткізілгенін мәлімдеді.

Фото: видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу