Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Заңсыз алтын өңдейтін цех табылды

Саясат
Заңсыз алтын өңдейтін цех табылды

Жамбылдық полицейлер жерасты цехынан 10 тоннаға жуық алтын кенін анықтады.  

Polisia.kz  мәліметінше, «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты.

Жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлі ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, екі үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылған.

Қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған. Ұсталғандар  ақылы түрде жұмыс істейтінін айтқан. Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны, 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.     

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу