Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жазира Байырбекова 27 жастағы ұлына келін іздеп жүргенін айтты

Шоу-бизнес
Жазира Байырбекова 27 жастағы ұлына келін іздеп жүргенін айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекова 27 жастан асқан ұлына лайықты жар іздеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ол "1001" түн бағдарламасында ашық айтып, болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын атап өтті.

Кейде бір қызға қарап, "Шіркін-ай, осындай қыз біздің келініміз болса" деп армандап тұрамыз. Анда-санда инстаграмың бар ма деп сұрап, оны ұлыма жіберіп қоямыз. Бірақ әрі қарай сөйлесті ма, жоқ па, оны қазбалап сұрай алмаймыз. Өзі салмақты жігіт, абайлап сөйлейміз. 27 жастан асқан үлкен жігіт. Бір-екі рет өзім ұзатқан қыздарға "шіркін-ай" деп ғашық болып, жылап қалғаным бар. Келінге ғашық болатын ененің де сезімі болады екен ғой деп ойладым. Кәдімгідей қызға ғашық болып, көңілім босап қалды. Қызды жігітке қимай, көп жыладым. Балама осындай 18 жасар үлбіреген, әдемі қыз бұйырса екен дедім. Мен ондай қызға 2-3 есе көп қалыңмал беруге дайын едім, – дейді әнші.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу