Заңбұзушылықты Алматы прокуратурасы жеке сот орындаушысының қызметін тексеру барысында анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, 2024 жылы сот орындаушысы алимент өндіру бойынша атқарушылық істер үшін заңсыз төлем алған.
Заңға сәйкес, бір атқарушылық іс бойынша мұндай төлем жылына бір реттен артық төленбеуі тиіс. Алайда сот орындаушысы 47 іс бойынша 76 рет қайталама есеп жолдап, төлемді қайта алған.
Алмалы аудандық соты оны 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ оған 5 жыл бойы бұл қызметпен айналысуға тыйым салынды.