Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский Путинді кездесуді шегеріп отыр деп айыптады

Әлем
Зеленский Путинді кездесуді шегеріп отыр деп айыптады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысымен кездесу үшін Мәскеуге бармайды. Ол Владимир Путинді келіссөздерді әдейі созып отыр деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 


Америкалық әріптестеріміз бізге Путин мені Мәскеуге шақырғанын айтты. Менің ойымша, егер кездесу болғанын қаламасаң, мені Мәскеуге шақыру керек. Ресейдің кездесу туралы айтып отырғанының өзі жақсы. Мұндай кездесулерден кейін ересек көшбасшылар белгілі бір нәтижемен шығуы тиіс, – деді Зеленский.

Украина басшысы бұл кездесу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей мұны кейінге шегеру үшін қолынан келгенін бәрін істеп отыр. Киев Мәскеу тарапынан соғысты аяқтау үшін нақты бастамалар байқалмайтынын жеткізді.

Бұған дейін Ресей президенті "Зеленский дайын болса, Мәскеуге келсін" деп мәлімдеген болатын.   

Фото: artsakh.news  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу