Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Саясат
Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Украина президенті Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін Fox News-ке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Киев өз серіктестерімен Ресейге Түркия, Катар, Сауд Арабиясы, Австрия немесе Швейцарияда мемлекет басшылары деңгейінде кездесуді ұсынған.

«Егер қаласаңыз, тіпті Қазақстанда жолығайық», – деді Зеленский.

Зеленский үшжақты кездесуді ешқандай «алдын ала шартсыз» өткізуге келісіп тұр. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Зеленскиймен кездесті. Екі ел президенті экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Украинаны қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға деген қызығушылығын талқылады. Владимир Зеленский еліндегі жағдай жөніндегі өз көзқарасын ортаға салды.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Украина басшысы АҚШ президентімен де кездесу өткізді. Оның қорытындысы бойынша Трамп Украина ЕО мен НАТО-ның қолдауымен басып алынған барлық аумақты қайтара алатынын жазды.

Фото: Ақорда 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу