Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский: Трамп Ресейге қатысты «ұстанымын айқындауы» керек

Әлем
Зеленский: Трамп Ресейге қатысты «ұстанымын айқындауы» керек

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы аптада Нью-Йоркте Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуі мүмкін. Бұл туралы сейсенбі, 16 қыркүйекте Тель-Авивте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

22-30 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына арналған жоғары деңгейлі апта өтеді.

«Ол (Трамп – ред.) соғысты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», – деді Рубио.

Оның айтуынша, Трамп бірнеше рет Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескен, сондай-ақ Зеленскиймен де кездескен.

«Мүмкін, келесі аптада Нью-Йоркте тағы да кездесуі ықтимал», – деп қосты АҚШ-тың бас дипломаты.

Алайда украин тарапы әзірге мұндай кездесудің өтетінін растамады.

Сонымен қатар, Зеленский Трампты Ресейге қарсы санкциялар және Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері мәселесінде «айқын ұстаным» білдіруге шақырды.

Sky News арнасына берген сұхбатында Украина президенті Ақ үй басшысы жеке өзі «қатаң шаралар қабылдап, Путинді өзінен сескендіруі керек» деп атап өтті.

«Соғысты аяқтамас бұрын барлық келісімдер бекітілуін қалаймын. АҚШ пен барлық еуропалық серіктестер қолдайтын құжатқа ие болу біз үшін өте маңызды», – деді Зеленский. – «Мұның жүзеге асуы үшін бізге президент Трамптың нақты ұстанымы қажет», – деп түйіндеді ол.

Фото: Julia Demaree Nikhinson/AP Photo/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу