Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жемқорлардан тәркіленген әшекей бұйымдар аукционға қойылды

Қоғам
Жемқорлардан тәркіленген әшекей бұйымдар аукционға қойылды

"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС (ҚАБК) 10 шілде күні бағаны көтеру арқылы қайталама электронды сауда өткізу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

E-Qazyna платформасында 24 шілде күні сағат 12:00-де бұрын ірі активтерді қайтару істерінде аты аталған тұлғаларға тиесілі болған 56 әшекей бұйымнан тұратын қымбат лот қайтадан аукционға шығарылмақ.

Көрсетілген әшекейлердің қатарында әлемдік брендтердің туындылары, сондай-ақ гауһар мен сапфир тастармен көмкерілген әшекейлер бар. Бұған дейін бұл лоттардың бір бөлігі сатылымға шығарылғанымен, барлығы жаңа иесін таба қоймаған.

Аукцион онлайн-форматта өтеді, сондықтан қай қалада тұрғанына қарамастан кез келген адам қатыса алады. Ол үшін E-Qazyna платформасына тіркеліп, кепілдік жарна аударып, белгіленген мерзімде өтінім беру қажет.

Сауда ҚАБК жұмысы аясында өтеді — бұл мемлекетке қайтарылған активтерді басқару үшін құрылған мемлекеттік қатысуы бар компания. Мұндай активтерді сатудан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға жіберіледі.

Ұйымдастырушылар барлық процесс толық ашық өтетінін атап өтті: әр лотқа егжей-тегжейлі сипаттама, фото және тәуелсіз бағалау қоса беріледі.

Фото:kuva.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу