Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысында алаяқтар тұрғындарға 67 млн теңге шығын келтірген

Қоғам
Жетісу облысында алаяқтар тұрғындарға 67 млн теңге шығын келтірген

Қылмыстық топ мүшелері азаматтарға өздерін банк, мобильді операторлар мен мемлекеттік органдар қызметкерлері ретінде таныстырып, қоңырау шалған. Осылайша олардың смартфондарына зиянды қосымшаларды орнатуға көндірген.  Қосымшалар арқылы алаяқтар жәбірленушілердің құрылғыларына қашықтан кіріп, олардың атына онлайн несие рәсімдеп, ақшаны өздерінің шоттарына аударып отырған.

Сондай-ақ кибералаяқтар Telegram арқылы сатып алынған дропперлердің банк деректері арқылы шотқа түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 67 миллион теңгені құрады. 

Қазіргі уақытта іс сотқа жолданып, алаяқтық схеманың басқа қатысушыларына қатысты тергеу жалғасуда.

Фото: Жетісу облысы ПД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу