freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жезқазғанда апатты жағдайдағы үйлерді сүру жұмыстары басталды

Қоғам
Жезқазғанда апатты жағдайдағы үйлерді сүру жұмыстары басталды
Ұлытау облысының әкімдігі

Жезқазған қаласында реновация бағдарламасын іске асыру шеңберінде Абай көшесі №53, 55, 57, 59 мекенжайларында орналасқан апатты тұрғын үйлерді сүру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған кешенді жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, бірінші кезеңде Абай көшесіндегі №57 тұрғын үй сүрілуде. Келесі кезеңде қажетті дайындық және ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін №59 тұрғын үйді бұзу жоспарланып отыр. 

Демонтаж барысында шығарылған құрылыс қалдықтары мен қоқыстар арнайы техника арқылы қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасымалданып, белгіленген талаптарға сәйкес орналастырылуда. 

Аталған жоба қаланың тұрғын үй қорын жаңғыртуға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және заманауи тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, бұл төрт тұрғын үйдің орнына екі блоктан тұратын жаңа көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу