freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жоғалып кеткен маңғыстаулық 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Оқиға
Жоғалып кеткен маңғыстаулық 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр
Lada.kz

Маңғыстау облысында 18 жастағы Азамат Дүйсехановтың жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жас жігіт 7 шілде күні, туған күнінде, теңіз жағасында із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Malim.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Туыстарының айтуынша, Азамат туған күнін достарымен бірге Ақтаудан шамамен 48 шақырым қашықтықтағы курорттық қонақүй маңында атап өткен. Сол күні сағат 15:00 шамасында ол теңіз жағасында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Қазір іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ жігіттің туыстары, достары мен жақындары жұмылдырылған. Туыстары өңір тұрғындарынан көмек сұрап отыр.

Әсіресе еріктілердің, дрон операторларының және қайық иелерінің көмегі қажет. Азамат Дүйсехановтың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан +7 (778) 967-61-23 немесе +7 (775) 985-57-54 нөмірлеріне хабарласу сұралады.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу