freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жолаушылар пойызында үстіне лас шу шашыраған азамат компаниядан 3 млн теңге өндіріп алды

Оқиға
Жолаушылар пойызында үстіне лас шу шашыраған азамат компаниядан 3 млн теңге өндіріп алды
Ашық дереккөзден

Пойыздағы дәретханадағы апаттан кейін үстіне лас су шашыраған қазақстандық әйел тасымалдаушы компаниядан 3 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«Астана-Петропавл» бағытындағы пойызда болған оқиға сотта қаралды. Дәретханадағы «жарылыстан» кейін үстіне нәжіс шашыраған әйел тасымалдаушыдан моральдық шығын үшін өтемақы талап еткен. Істі Астананың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты қарады.

«Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 7 наурызда пойыз қозғалып келе жатқан кезде вагонның санитарлық торабында техникалық ақау болған. Соның салдарынан дәретхана жүйесіндегі қалдықтар апатты түрде сыртқа шығып, жолаушы әйелге шашыраған. Әйел қатты физикалық жайсыздықты, моральдық күйзелісті және қорланғандай сезімді бастан өткергенін айтқан. Сонымен қатар оның киімі мен жеке заттары бүлінген», – деп мәлімдеді  соттың баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің айтқандарын Астана қалалық көліктік бақылау инспекциясының тексеруі, фотоайғақтар және тасымалдаушыға қатысты толтырылған әкімшілік хаттама растаған. Нәтижесінде сот көрсетілген қызмет сапасыз болған деген қорытындыға келіп, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң мен Азаматтық кодекс нормаларына сүйенген.

Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Тасымалдаушы компания жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 3 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу