Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жолдарда әскери техника көбейеді. Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

Қоғам
Жолдарда әскери техника көбейеді. Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтпек. Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің түрлі өңіріндегі полигондарға жеткізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланады, делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты, министрлік әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу