Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Журналиске шабуыл жасалды

Аналитика
Журналиске шабуыл жасалды

Алматыдағы барлардың бірінде ер адам журналист Алима Пардашеваны қылғындырып, телефонын тартып алмақ болған. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

"Арнамның мерейтойын атап өттік. Досыммен бірге көшеге шықтым. Кейін жаныма ер адам келді. Ол өзі туралы айта бастады. Бірақ кенеттен ол қалтамнан телефонымды шығарды. Мен тез әрекет етіп, телефонымды қайтарып алдым. Ер адамнан неге мені тонамақ болдыңыз деп сұрағанымда, ол ар-намысыма тиетін сөздерді айтты. Ол мені жерге құлатып, қылғындыра бастады", - дейді Алима.

Журналист адамдарды көмекке  шақырған. Пардашеваның айтуынша, осы сәтте барда күзетшілер болмаған. Оны жанындағы құрбысы мен куәгерлер құтқарып қалған. Ал ұры қорқып, оқиға болған жерден ізін суытты.

Журналист Медеу аудандық полиция басқармасына арыз жазған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу