Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зымыран атқылауынан кейін Чернобыль АЭС-і жарықсыз қалды

Әлем
Зымыран атқылауынан кейін Чернобыль АЭС-і жарықсыз қалды

Ресейдің Славутичтегі энергетикалық нысанды атқылауы салдарынан Чернобыль атом электр станциясы электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлайды Malim.kz РБК-Украинаға сілтеме жасап.

Материалда бұл туралы ақпаратты Украина Энергетика министрлігі Telegram-арнасында жариялағаны айтылған.

Министрлік мәліметінше, Киев облысындағы Славутич қаласының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуыл “Чернобыль АЭС” мемлекеттік арнайы кәсіпорнының нысандарында төтенше жағдайға әкелді.

“Кернеудің ауытқуы салдарынан жарықсыз қалғандардың ішінде Жаңа қауіпсіз конфайнмент те бар. Ол – апатқа ұшыраған төртінші энергоблокты оқшаулап, радиоактивті материалдардың сыртқа таралуын болдырмайтын негізгі нысан”, – делінген хабарламада.

Қазір мамандар электрмен қамтуды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото:depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу