Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген

  • 20.02.2020
  • Malim Админ

Заңсыз балық аулайтындар да табиғатқа зиянын тигізіп жатыр. Бір ғана Алматы облысында жыл басынан бері 50-ге тарта заңбұзушылық фактісі анықталған. Ол туралы Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Ринат Қумашев айтты.

«Жыл басынан бері табиғат қорғаушылар заңсыз балық аулау бойынша 50-ге жуық заң бұзу фактісін тіркеді. Бір қылмыстық іс қозғалды. 1700 кг балық тәркіленіп, мемлекетке 2 млн теңгеден астам шығын келтірілгені туралы хаттама толтырылды», - дейді инспектор.

Талдықорған қаласында заңсыз балық аулап, жүк көлігіне тиеп өтпек болған бір топ адам ұсталды. Жүк көлігінен ешқандай құжаты жоқ 700 келіден астам балық тәркіленген.

Алматы облыстық Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері облыс әкімдігі жанындағы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел тобымен бірге «Браконьер» іс-шарасы барысында күдік келтірген «Газель» маркалы көлікті тоқтатқан. Тексере келе, оның жүк салғышында ешқандай құжаты жоқ ірі көлемде көксерке балығы тиелгені анықталады.

Құқықбұзу заңнамалары бойынша тергеу амалдары басталып, балықтың иесін, көліктің бағыты анықтау амалдары жүргізіліп жатыр. Тәркіленген көксерке балығы уақытша сақтау үшін арнайы қоймаға тапсырылған.

Балық аулауға арнайы рұқсат алуды қиынсынатындар заңсыз балық аулау арқылы салықтан қашады. Бірақ құрықталса одан да зор айыппұл төлеуден қорықпайды. Бұндай қылмысқа әбден еті үйренгендер баратын болса керек. Ірі көлемде балық аулайтындар енді арнайы дрон арқылы ұсталатын болады. Табиғатты қорғау департаментінің қызметкерлері енді өзен бойларын, көл жағасын қашықтан бақылай алатын болды.

Байланысты жаналықтар

"Дәрігерлер еміне сын көзбен қараңдар"

26.07.2020

Демалыста карантин күшейтіледі

21.08.2020

Әкім қаладағы жол жөндеу жұмыстарын тексерді

20.04.2021

Ақтөбеде "Nur Otan" жол картасын қабылдады

12.02.2021

Сенатқа келген заң мәжіліске кері қайтты

14.05.2020

Үкімет шағын және орта бизнеске қалай көмектеседі?

04.09.2020