Жәкішев бостандыққа шыға ма?

  • 29.02.2020
  • Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 3 наурыз күні "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы басшысы Мұхат ЖӘКІШЕВТІҢ мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөніндегі өтінішін қарайтын сот "әділ шешім шығаратынына сенімді". Бұл туралы президент Informburo ақпараттық  порталына берген сұхбатында айтқан.

"Әрине, Жәкішев бұған дейін денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөнінде өтініштер түсіргенін білемін. Бұл мәселе тікелей соттың құзыретінде. 3 наурыз күні сот өтеді. Сол соттың шешімін күтейік. Сот әділетті шешім шығаратынына сенімдімін", - деді Тоқаев.

М.Жәкішев 2009 жылдың мамырында қамауға алынған. Сот оны жемқорлық ісі бойынша айыпты деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырған.

Байланысты жаналықтар

Ақан-Шоқан ауылы

10.07.2020

Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»

28.03.2020

Әбдіқалықованың екі жұлдызы

04.06.2020

Сайлау кеп қалды: Кредитіңізді үкімет жабады...

18.09.2020

Он күнге созылған додадан он дерек

20.04.2021

Өтірікті шындық жеңген күн

03.03.2020